28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әс-Сәләм» мешітінде Мәуліт асы берілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Астана қаласы Қырқыншы станса елдімекеніндегі «Әс-Сәлам» мешітінде мүбәрак мәуліт мерекесіне орай 100 адамға дастархан жайылды.

Игілікті шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, қала имамдары, сондай-ақ мешітке жанашыр жамағат қатысты. Асыл дінімізде ардақталған Мәуліт мерекесіне жайылған дастарханды «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхан қасиетті Құран аяттарымен ашты.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұртшылықты Мәуліт айымен құттықтап, тілек-лебізін жеткізді. «Мәуліт – тарихи тереңде жатқан ұлық мереке. Қазіргі қоғамда бұл күннің салмағы артпаса кемімейді. Қасиетті Құран аяттарын, Алла Тағаланың әмір-бұйрықтарын жеткізген, барша әлемге рақым-нұр болған пайғамбарымызға деген махаббат-мейірімді оятатын Мәуліт сондай ерекше ай. Осы уақытта көбірек Құран оқып, пайғамбарымызға салауаттар жолдау өте сауапты амал. Алла дұға-тілектеріңізді қабыл қылғай» деді Н.Тағанұлы осындай сауапты кештің өтуіне ұйытқы болған "Әс-Сәлам" мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлына алғыс білдірді.

Мәуліт мерекесінің құрметіне арналған кеште «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Әбітайұлы «Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» тақырыбында уағыз айтты. Осыдан соң Жұманазар Садырханов пен «Әс-Сәлам» мешітінің наиб имамы Жүніс Төрежанұлы «Мәуліт жырын» оқып, салауаттар айтылды. 

Assmaulid1

Assmaulid2

Assmaulid3

Assmaulid4

Assmaulid5

Assmaulid7

Assmaulid8

Assmaulid9

Assmaulid10

Assmaulid11

Assmaulid12

Assmaulid13

Assmaulid14

Assmaulid15

Assmaulid16

Assmaulid17

Assmaulid18

Assmaulid19

Assmaulid20

Бөлісу: