01
Жұма,
Қараша

һижри

«Нұрлы мінбер-2016» имамдар байқауы мәресіне жетті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астанада  «Нұрлы мінбер-2016» имамдар байқауы өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті қолға алған шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Имамдардың білім-біліктілігі мен қарым-қабілеті сынған түсетін байқау екі кезеңге бөлінді. Алғашқы кезеңде елорданың сегіз мешітінен қатысушы имамның «Арақ атадан қалған ас емес» уағызының бейненұсқасы Ummet.kz порталында көпшілік даусына салынды. Бұл әлеуметтік желілер арқылы ислам құндылықтарын насихаттап, жұртшылықты жақсылыққа шақырып, зиянды әдеттерден сақтандыру болса әрі имамдардың қоғамдағы рөлін арттырады.

Имамдар байқауының ресми шарасына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфтилер Серікбай қажы Ораз, Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана қаласы әкімдігі Дін істері басқармасы басшысы Данияр Есін қатысып, ізгі тілектерін айтты. «Бүгінгі қоғам имамдарға үлкен жауапкершілік жүктейді және діни де дүняуи білімді меңгеріп, жан-жақты болуды қажет етеді. Осындай интеллектуалдық, білім жарысы өте маңызды. Құранда айтылғандай, дінді жеткізу үшін асқан білім мен парасаттылық керек. Пайғамбарымыз да көркем насихат айтуға үндеп, өсиет етті. Халыққа асыл шариғатымызды жеткізу үшін елдің тарихын, тыныс-тіршілігін  тереңінен білгеніміз дұрыс. Байқау осы тұрғыда имамдарға үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл шараны республика көлемінде өткізсек нұр үстіне нұр» деп бас мүфти қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білім бәйгесінің әділ қазылары құрамына ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Қосшы елдімекеніндегі қарилар мектебінің директоры Сәдуақас Олжабай кірді. Ал Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы, теология ғылымының докторы Балғабек Мырзаев осы жарысқа төрелік етті.

Имамдар байқау барысында «Сәлем – сөздің атасы», «Бәйге», «Полиглот»,  «Жеті жарғы», «Имам мінбері»,  «Пікір-сайыс» айналымдары бойынша өз білімдерін көрсетіп, тыңғылықты дайындықтарын дәлелдеді.

Әділ қазылар шешімімен бірінші орын «Нұрлы мінбер-2016» байқауының арнайы Кубогы мен «Атлас туризм» компаниясы ұсынған Ұмра қажылығы жолдамасы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Мұқановқа берілді.

ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы байқау жеңімпазына марапатты табыс етті. «Бұл байқау, расында, бүгінгі қоғамда имамдардың шынайы бейнесін қалыптастырады. Сайыс айналымдарында дініміз, салт-дәстүріміз, Ата заңымыз, Діни басқарма ұстанған бағыт-бағдар, тұжырымдама да қамтылды. Имамдар қай жағынан алса да өздерінің білікті маман екендіктерін көрсете білді. Дегенмен, жарыстың өз талап-шарттары бар, қазылар әділ бағасын беруге тырысты. Ең басты жеңіс – еліміздің бірлігін насихаттап, дінімізді дәріптеу деп білем. Алла Тағала ынтымағымызды арттырып, тыныштығымызды тұрақты қылғай» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

Қазылар алқасы II орынға «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбубәкіровты лайық деп танып,  арнайы диплом мен «Мойылды» шипажайы жолдамасын тарту етті.

Ал III орын «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Қабылбек Әліпбайұлына бұйырып, арнайы байқау дипломы мен «Kazservice avia» туристік агенттігінің республика бойынша тегін ұшу билеті сыйға тартылды.

Сондай-ақ, жарысқа қатысушылардың барлығы да сертификаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Суреттердің толық нұсқасын "ФОТОГАЛЕРЕЯ" бөлімінде көре аласыздар.

Abc1

IMG 9047

Abc2

Abc3

Abc4

Abc5

Abc6

Abc7

Abc8

Abc9

Abc10

Abc11

Abc12

Abc13

Abc14

Abc15

Abc16

Abc17

Abc19

Abc20

Abc21

Abc22

Abc23

Abc24

Abc25

Abc26

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: