25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Астана қаласы мешіттері имамдарының «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» атты байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласы мешіттері имамдарының «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» атты байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ

 1. Жалпы жағдай

1.1.        «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» атты байқау (ары қарай – Байқау) Астана қаласы имамдарының ашық білім байқауы болып саналады;

1.2.        Байқау сыртқы және негізгі болып екі кезеңнен тұрады;

1.3.        Сыртқы кезең 2 турдан, негізгі кезең 5 турдан тұрады;

1.4.        Байқау 2015 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызы күні өтеді.

 

 2Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1.        Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында, «Дін мен дәстүр» жылдары аясында дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен насихаттау;

2.2.        Бұқара халық арасында имам беделінің артуына ықпал ету;

2.3.        ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алға қойған мақсаты – байырғы қоғамдағы бәсекеге қабілетті имам келбетін қалыптастыру;

2.4.        Имамдардың эститикалық қабілетін шыңдап, өзіндік білім жетілдіруіне жағдай жасау.

 3Байқауға қатысу талаптары

3.1.        Байқауға қаладағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани», «Әлжан Ана», «Әл-Ғани», «Кунта қажы», «Төлебай», «Әс-Сәлам» мешіттерінің имамдары қатыса алады;

3.2.        Әр мешіт байқауға қатысатын имам туралы мәліметті ү.ж. 6-шы сәуіріне дейін «Нұр Астана» орталық мешітіне жазбаша ұсынуы керек.

 

 4. Байқаудың өту тәртібі

4.1.        Сыртқы кезең:

  • Байқауға қатысушы имамдар ү.ж. 10-шы сәуірі күні ҚМДБ-ның кестесіне сай «Үміт пен үрей» тақырыбында жұма уағызын айтып, уағыздың өңделген видео нұсқасын ү.ж. 11-ші сәуіріне дейін «Нұр Астана» орталық мешітіне ұсынады;
  • Ұсынылған видео-уағыз www.ummet.kz ресми сайтына салынып, 12-15 сәуір аралығында бұқара оқырманның назарына дауыс беруге қойылады. Байқаудың негізгі кезеңінде аталған дауыстар ескеріледі;
  • Байқауға қатысушылар сыртқы кезеңнің ІІ-ші турында байқау күні (15.04.2015) әділ-қазылар алқасына өздерінің жеке портфолиосын (жеке іс-парағы, алғыс хаттары мен марапаттары) және 2014 жылы ҚМДБ-ның төрт бағыты аясында атқарған жұмысының есептік-суреттерін слайд-шоумен (слайд 15 беттен аспауы керек) ұсынады.

 

4.2.        Негізгі кезең:

  • Бірінші тур – «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АТАСЫ»;
  • Екінші тур – «БӘЙГЕ»;
  • Үшінші тур – «ЖЕТІ ЖАРҒЫ»;
  • Төртінші тур – «ЖАҒДАЯТ»;
  • Бесінші тур – «ИМАМ МІНБЕРІ» (имамның шешендік қабілеті).

 5. Жеңімпаздарды марапаттау:

5.1.        Байқауда оза шауып, жеңіп шыққан имам Умра қажылығы сертификатымен, «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» кубогы, қымбат бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады;

5.2.        Байқауға қатысушы барлық имамдарға арнайы сыйлықтар беріледі.

 

6.    Қосымша мәліметтер алу үшін

6.1.        + (7172) 44-58-48.

 

 

Бөлісу: