Астана қаласы мешіттері имамдарының «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» атты байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы жағдай
1.1. «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» атты байқау (ары қарай – Байқау) Астана қаласы имамдарының ашық білім байқауы болып саналады;
1.2. Байқау сыртқы және негізгі болып екі кезеңнен тұрады;
1.3. Сыртқы кезең 2 турдан, негізгі кезең 5 турдан тұрады;
1.4. Байқау 2015 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызы күні өтеді.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында, «Дін мен дәстүр» жылдары аясында дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болған асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен насихаттау;
2.2. Бұқара халық арасында имам беделінің артуына ықпал ету;
2.3. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алға қойған мақсаты – байырғы қоғамдағы бәсекеге қабілетті имам келбетін қалыптастыру;
2.4. Имамдардың эститикалық қабілетін шыңдап, өзіндік білім жетілдіруіне жағдай жасау.
3. Байқауға қатысу талаптары
3.1. Байқауға қаладағы «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани», «Әлжан Ана», «Әл-Ғани», «Кунта қажы», «Төлебай», «Әс-Сәлам» мешіттерінің имамдары қатыса алады;
3.2. Әр мешіт байқауға қатысатын имам туралы мәліметті ү.ж. 6-шы сәуіріне дейін «Нұр Астана» орталық мешітіне жазбаша ұсынуы керек.
4. Байқаудың өту тәртібі
4.1. Сыртқы кезең:
- Байқауға қатысушы имамдар ү.ж. 10-шы сәуірі күні ҚМДБ-ның кестесіне сай «Үміт пен үрей» тақырыбында жұма уағызын айтып, уағыздың өңделген видео нұсқасын ү.ж. 11-ші сәуіріне дейін «Нұр Астана» орталық мешітіне ұсынады;
- Ұсынылған видео-уағыз www.ummet.kz ресми сайтына салынып, 12-15 сәуір аралығында бұқара оқырманның назарына дауыс беруге қойылады. Байқаудың негізгі кезеңінде аталған дауыстар ескеріледі;
- Байқауға қатысушылар сыртқы кезеңнің ІІ-ші турында байқау күні (15.04.2015) әділ-қазылар алқасына өздерінің жеке портфолиосын (жеке іс-парағы, алғыс хаттары мен марапаттары) және 2014 жылы ҚМДБ-ның төрт бағыты аясында атқарған жұмысының есептік-суреттерін слайд-шоумен (слайд 15 беттен аспауы керек) ұсынады.
4.2. Негізгі кезең:
- Бірінші тур – «СӘЛЕМ – СӨЗДІҢ АТАСЫ»;
- Екінші тур – «БӘЙГЕ»;
- Үшінші тур – «ЖЕТІ ЖАРҒЫ»;
- Төртінші тур – «ЖАҒДАЯТ»;
- Бесінші тур – «ИМАМ МІНБЕРІ» (имамның шешендік қабілеті).
5. Жеңімпаздарды марапаттау:
5.1. Байқауда оза шауып, жеңіп шыққан имам Умра қажылығы сертификатымен, «НҰРЛЫ МІНБЕР-2015» кубогы, қымбат бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады;
5.2. Байқауға қатысушы барлық имамдарға арнайы сыйлықтар беріледі.
6. Қосымша мәліметтер алу үшін
6.1. + (7172) 44-58-48.