26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Астана имамдары сараптамадан өтуде (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерінен құралған комиссия тобы Астаналық имамдар мен ұстаздардың білімдері әрі біліктіліктерін тексеру мақсатында сараптама жұмысын бастады. Сынақ билеттері комиссия мүшелері мен қатысушылар алдында ашылып, таратылды. ҚМДБ аппарат басшысы, комиссия төрағасы Ғилымбек Мәжиев дін қызметкерлеріне сараптаудан сәтті өтуге тілектестігін білдірді.

 – Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміздің арқасында елордамыздың сәулетті мешіті «Әзірет Сұлтан» мешітінде бас қосудамыз. Баршамызға белгілі, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет алғаш қызметке келген күннен бастап қойған талабы – Діни басқармаға қарасты қызметкерлердің діни  білімін жетілдіру болды. Сондай-ақ, діни басқарманың сараптау комиссиясы ережесін бекітті. Осыған дейін еліміздегі барлық діни басқармаға қарасты қызметкерлер арнайы сараптау комиссиясынан өткізілді. Сол сараптамалар бүгін қорытындылап, нәтижесін ертең жариялаймыз. Астана имамдарымен түйінделетін аттестацияның салмағы ауыр, жауапкершілігі зор. Сіздер әрқашан білімді, білікті болуларыңыз керек. Ал, сараптаманың мақсаты – діни мамандарымыздың даярлығын білу, азаматтардың жұмыс жасау қабілетін анықтап, айқындау, - деді Ғ.Мажиев.

Сараптау барысында елордалық имамдар мен мешіт-медресе ұстаздары Құран, ақида, тәжуид, фиқх, ислам тарихы және ҚР заңнамасы, әкімшілік жүйе бағыттары бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.  Білікті мамандардан құралған сараптама тобына жалпы саны 54 кісі қатысады деп жоспарланған.


 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі



Бөлісу: