26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти Мысыр ұстазын қабылдады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Египеттің «Әл-Әзһар» университеті арасындағы діни білім беру саласындағы ынтымақтастық меморандумына сәйкес, бұл күндері ел медреселеріне Әбу Ханифа мәзһабы және Матуриди ақидасының ғалымдар тобы келе бастады.

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы екіжақты келісім аясында Мысыр елінен «Астана» медресесіне қызметке келген «Әл-ӘзҺар» университетінің түлегі, ұстаз Абдулмуньаим Ахмад Ибраһимді қабылдады.

Наиб мүфти Н.Тағанұлы мысырлық мұғалімнің алдағы қызметінің табысты болуын тілеп, медресе шәкірттеріне пайдалы білім беретіндігіне сенім артты. Абдулмуньаим Ахмад Ибраһим өз кезегінде қазақ елінің керегесі кеңейіп, өркендеп келе жатқанын айта келе, асыл дініміз исламға қалтқысыз қызмет қылып,  жастарды білім жолына жетелеуден әсте тартынбасын жеткізді.

Еске салсақ, кеше Алматыда Қазақстан мұсыламандары діни басқармасы Дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев Мысыр Араб Республикасынан келген ұстаздар тобын қабылдаған болатын. Білікті оқытушылар алдағы уақытта Діни басқарманың 9 медресесінде Құран, тәжуид, ақида, фиқһ, сияр пәндерінен дәріс өтіп,  шәкірттер білімін шыңдамақ.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: