27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Тұжырымдама талқыланды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Өткен жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасымен» қорытындыланды. Қоғамдағы діни ахуалды саралай келе қабылданған аталмыш құжатта сауат ашу, діни білім беретін жоғары оқу орындары, имамдардың біліктілігін арттыру секілді өзекті мəселелер кеңінен қамтылған-ды. Міне, бұл тұжырымдама мешіт ұстаздары үшін де бағыт-бағдар көрсетіп қана қоймай, сауатты да сапалы шәкірттер әзірлеуіне мүмкіндік туғызбақ.

Кеше ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай «Нұр Астана» орталық мешітінде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» талқыланды. «Нұр Астана» мештінің наиб имамы Жандос Айтбай қала мешіттерінің діни сауат ашуға жауапты ұстаздарына тұжырымданы кеңінен түсіндіріп өтті.

Тұжырымдамамен толық танысқан мешіт ұстаздары аталмыш құжаттың діни білімді дамытуға ғана емес, сонымен қатар қазақ ұлтының рухани және мәдени құндылығына да едәуір жетістік әкелетіндігін сөз етті. Тақырыпты тереңінен талқылаған ұстаздар "Білім беруді дамытуға бағытталған тұжырымдама" шәкірттерді жетістікке жетелейтіндігіне сенім білдірді. Мұнан әрі ұстаздар тұжырымдама жайында ой-пікір алмасып, діни сауат ашу курсын жандандыру мақсатында әлеуметтік желіде ортақ жұмыс тобын құрды.


 

 «Нұр Астана» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: