26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақида дәрістері діни сенімді нығайтады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ақида – дін саласындағы сенім жүйесінде қолданылатын ұғым. Иман негіздері де осы салада қамтылатын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының дін саласын дамыту үшін бекіткен төрт бағытының бірі – халықтың діни сауатын ашу, жамағатқа арналған дәстүрлі дін дәрістерін жүйелі түрде өткізу болып табылады.

 Осы орайда ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен елорда мешіттерінде ақида тақырыбына арнаулы дәріс сабақтары ашылып, мұсылман жамағаты иман негіздерінен білім алуда. «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан «Әл-мүташаддидун», «Ақидатуна» кітаптарынан ақида сабағын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Діни сенім мектебін мешіттен қалыптастыру мақсатында қолға алынған иман дәрістері жамағаттың білімімен қатар, ауызбіршілік-ынтымағын да нығайтып отыр. Таяуда ақида сабағында бас қосқан шәкірттерге мешіт тарапынан арнайы дастархан жайылып, дін сабағы салиқалы отырысқа ұласты. Наиб имам Нұрлан Рамазан шәкірттерге ислам мен иман негіздері, дәстүрлі дін мектептері турасында айта келе, діни білім баспалдақтары мешітте қалануы тиістігін атап өтті.

«Ақида тақырыбы – қашанда маңызды мәселенің бірі. Білім көшедегі көк аттыдан емес, мешіттегі дін қызметкерлерінен алынуы керек. Қандай бір мектеп болса – білім сол шаңырақтың мұғалімдерінен алынады. Қазір қала мешіттерінде арнайы ұстаздар бекітілген. Ілім игерем деген жанға толық жағдай жасалып отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, дәстүрлі дінімізді көркейтіп, өз ақидамызды айқындап алуымыз қажет» деді Н.Рамазан.

 

 

 

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: