Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Ораза айт мейрамы ерекше тойланып жатыр.
Ораза айт намазынан кейін балаларға тәттілер үлестірген мешіт ұжымы ата-әжелерге арнап тағы бір мереке ұйымдастырды. Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы қазақы киіз үйде ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайып, әсем ән мен тәтті күйден шашу шашып, мерекелік шараның сәнін келтіріп, халықтың қуанышын бөлісті.
Өнер адамдары қарт кісілердің көңілдерін көтеріп, қазақы ән мен ұлттық күйлерді нақышына келтіре орындады. Ата-әжелеріміз бешбармақтан дәм татып, қымыз ішіп, ұлттық өнерді тамашалап, нағыз Ораза айттың қалай тойланатынына куә болды.
ummet.kz