25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Ұлттық ойындардан сайыс өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Ораза айт басталды.

Дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы Ораза айт мейрамына ерекше дайындалды. Жылдағы үрдіс бойынша мешіт ауласында арқан тарту, асық ату, қол күресі мен кір тасын көтеруден сайыстар өткізілді. Қол күрес ұлттық спортынан 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары 2 категория бойынша сайыс өтті. Арқан тарту сайысына барлығы 10 команда қатысып, алғашқы үздік деп танылған 3 командаға мешіт ұжымы атынан бағалы сыйлықтар берілді. Асық ату ұлттық спорт сайысына 18 жасқа дейін және 18 жастан жоғары 2 топтың арасында сайыс өтті. Сондай-ақ, күш атасын танымайтын нағыз жігіттер арасында 16 келі кір тасын көтеруден жарыс болды.

Ораза айт мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық ойындарға мешіт жамағаты мен қала қонақтары белсене қатысса, жиналған қауым тартысты ойынды тамашалап, қатысушыларға қолдау білдірді. Сайыс жеңімпаздарын мешіттің Бас имамы Нұрлан Рамазанов бағалы сыйлықтармен марапаттады.

020522 Sport 1

020522 Sport 2

020522 Sport 3

020522 Sport 4

020522 Sport 5

020522 Sport 6

020522 Sport 7

020522 Sport 8

020522 Sport 9

020522 Sport 10

020522 Sport 11

020522 Sport 12

020522 Sport 13

020522 Sport 14

020522 Sport 15

020522 Sport 16

020522 Sport 17

ummet.kz

Бөлісу: