25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ бөлім басшысы уағыз айтты (фото)

ҚМДБ бөлім басшысы уағыз айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров жамағатқа жұма уағызын жүргізді.

«Періштелердің мүминдер үшін жарылқау тілеуі» тақырыбында насихат айтқан Батыржан Берденұлы Иманның шарттарының ішінде Алла Тағалаға иман келтіргеннен кейінгі екінші кезекте періштелерге иман келтіру әрбір мұсылманға – парыз екендігін, періштелер тақырыбының қасиетті Құран Кәрімдегі көріністеріне тоқталды.

Періштелердің пенделерге жарылқау тілеуіне себепші болатын бес түрлі ізгі амалды, атап айтқанда, мұсылманның екінші мұсылман үшін дұға етуі кезінде, сырқат адамды зиярат ету кезінде, білім талап ету кезінде, мұқтаждарға жәрдемдесу кезінде және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту кезінде періштелердің адамдарға үздіксіз дұға ететінін сүйіншілеп, кеңінен тоқталып өтті.

Көркем насихат барысында:

«Періштелер пенденің әрбір ісіне куәгер болады. Адам баласы ізгі іс істеген сайын періштелер қасында дұға етеді. Тіпті күндізгі және кешкі жасаған амалдарын, яғни бүкіл істі Алла Тағаланың құзырына жеткізіп тұрады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен екінті намазында жиналып, сосын сендермен түнде бірге болғандары көтеріледі. Сонда Алла Тағала жақсы біліп тұрса да олардан: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» – деп сұрайды. Олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді» дейді», – деген (имам Бұхари). Алла Тағала қасиетті Рамазан айында атқарған барлық ізгілік амалдарымызды қабыл алып, баршамыздың бұл Рамазаннан келесі Рамазан айларына амандықта жетуімізді нәсіп еткей!», - дей келе Батыржан Берденұлы жамағатпен бірге еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасады.

290422 Juma 1

290422 Juma 3

290422 Juma 4

290422 Juma 5

290422 Juma 6

ummet.kz

 

Бөлісу: