25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Наиб мүфти тарауық намазына қатысты (фото, видео)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Наиб мүфти тарауық намазына қатысты (фото, видео)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешініндегі тарауық кешіне наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы арнайы келіп, жамағатпен жүздесіп, бірге құлшылық жасады.

Жүздесу барысында Рамазан айының қадір-қасиеті мен алғашқы он күніндегі құлшылықтарға кеңінен тоқталды. Наиб мүфти өз насихатында жамағатқа ардақты айдың алғашқы он күніндегі ең тиімді әрі пайдалы құлшылық – дұға мен Алла Тағаланың көркем есімдерін еске алу екендігін,  бұл уақытта жәннат қақпалары ашылып, тозақ есіктері жабылатынын және де рамазан айының алғашқы он күнінде Жаратушыдан кешірім тілеп, пенделікпен жасаған қателіктер мен күнәларымыздың кешірілуін сұраудың ең абзал амал екенін атап өтті.

Көркем насихат соңында наиб мүфти тәуелсіздігіміздің қиямет күніне дейін жалғасуын тілеп, еліміздің тыныштығы мен ынтымағы үшін дұға жасады.

Рамазан айының алғышқы он күнінде Раббымыздың рақымына лайық болуға тырысуды жамағаттың есіне салған Сансызбай ұстаздың өнегеге толы насихатын толығырақ төмендегі бейнероликтен көрулеріңізге болады.

060422 Tarauih 2

060422 Tarauih 3

060422 Tarauih 4

060422 Tarauih 5

060422 Tarauih 6

ummet.kz

Бөлісу: