ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан сыйлығы» атты қайырымдылық шарасын бастап кетті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан қайырымдылық шарасына «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті де атсалысып, бүгін елордалық 40 отбасыға бір айлық азық-түлік сөмкелерін үлестірді. Ізгі шараның ықыласына бөленген отбасылар ұйымдастырушылар мен мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, бүгін «YDA» холдингінің демеушілігімен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы аясында елордадағы 1500 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері таратылды.
ummet.kz