Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Наурыз мерекесінің құрметіне орай қайырымдылық шарасы өтті.
Әр ай сайын елордалық отбасыларды қуанышқа бөлеп, көмек қолын созу мешіт ұжымы үшін қалыпты үрдіс. Бұл жолы әдеттегідей қайырымдылық шараға «Сауап» еріктілер тобы өзіндік үлесін қосты. Шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға айлық азық-түлік қоры таратылды. Әрбір адам баласын бауырмалдылыққа, қайырымды қадамдарға бастайтын игі шараға келген отбасылар мешіт ұжымы мен демеуші азаматтарға алғыстарын білдірді.
ummet.kz