25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

 «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Қазақ дәстүрлерін дәріптеді (фото)

 «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Қазақ дәстүрлерін дәріптеді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Дәстүрін дәріптеген аналар» мерекелік кеші өтті.

Наурыз мерекесінің құрметіне орай өткізілген ізгі шараның басты мақсаты — ұрпағын салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп келе жатқан дана халқымыздың әдемі үрдісін одан әрі жаңғырту, жас ұрпақтың санасына халық дәстүрлерін сіңіру.

Мерекелік шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы ізгі тілегін арнап ашып берді. Қазақтың тағы бір дәстүрін жаңғыртып, мерекелі кеш мешіт қабырғасында білім алып келе жатқан ақ жаулықты аналарға ақ орамал жауып, құрмет көрсетумен бастау алды.

Әсем әнмен әрленіп, тәтті күймен көмкерілген әдемі кеште құттықтау сөз алған қонақтар легі көбірек болды. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, дәстүрлі әнші Ардақ Балажанова арнайы келіп, Наурыз мерекесімен құттықтап, әннен шашу шашты. ҚМДБ-ның Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, аяулы ұстаз Нұрғалиева Динара Құтқожақызы өзінің ақ тілегін арнап, келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Елорда мешіттерінің әйел ұстаздары кешке арнайы шақырылып, барлығына ұйымдастырушылар тарапынан шапан жабылып, сияпат жасалды.

Мерекелік кеште ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиеттері, дін мен дәстүр сабақтастығы туралы насихат айтылып, келген қонақтар рухани сусындады. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүрлерінің үлкен сегіз топқа жіктелген түрлері аталып, қазақ халқының ұмытылып бара жатқан дәстүрлері туралы кең мағлұмат берілді.

Кеш соңында осындай үлгі аларлық көркем шараның өтуіне ұйытқы болған «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы, «Жібек» қыз-келіншектер  клубының жетекшісі Қазбекова Әйгерім Қайратқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да дін мен дәстүрімізді насихаттайтын шаралар ұйымдастырылып тұратынын атап өтті.

190322 DasturinDariptegenAnalar 1

190322 DasturinDariptegenAnalar 2

190322 DasturinDariptegenAnalar 3

190322 DasturinDariptegenAnalar 4

190322 DasturinDariptegenAnalar 5

190322 DasturinDariptegenAnalar 6

190322 DasturinDariptegenAnalar 7

190322 DasturinDariptegenAnalar 8

190322 DasturinDariptegenAnalar 9

190322 DasturinDariptegenAnalar 10

190322 DasturinDariptegenAnalar 11

190322 DasturinDariptegenAnalar 12

190322 DasturinDariptegenAnalar 13

190322 DasturinDariptegenAnalar 14

190322 DasturinDariptegenAnalar 15

190322 DasturinDariptegenAnalar 16

190322 DasturinDariptegenAnalar 17

190322 DasturinDariptegenAnalar 19

190322 DasturinDariptegenAnalar 20

190322 DasturinDariptegenAnalar 21

190322 DasturinDariptegenAnalar 22

190322 DasturinDariptegenAnalar 23

190322 DasturinDariptegenAnalar 24

190322 DasturinDariptegenAnalar 25

190322 DasturinDariptegenAnalar 26

190322 DasturinDariptegenAnalar 27

190322 DasturinDariptegenAnalar 28

190322 DasturinDariptegenAnalar 29

ummet.kz

Бөлісу: