25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін қасиетті жұма күні «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жұма уағызын жүргізді.

«Жақсылық та, жамандық та бір Алланың бергені» тақырыбында жамағатқа уағыз, насихат айтқан наиб мүфти адам баласының басына келетін жақсылық пен жамандықтың мән-мағынасын дұрыс түсінуіміз керек екенін тарқатып айтты.

Сансызбай Құрбанұлы жұма уағызы барысында:

«Тағдырға және жақсылық пен жамандыққа қатысты мынадай түйіндеме айтуға болады:
Біріншіден, жаратылыста иләһи тағдыр мен бағдарлама бар, адамда ерік пен пейіл бар.
Екіншіден, Алла Тағаланың ілімі шексіз, ол уақыт пен кеңістікке тәуелді емес өткенді, қазіргіні және болашақта болатын нәрселерді толық біледі.
Үшіншіден, біз ісімізді Алла Тағала солай жазды деп істемейміз, керісінше, Алла Тағала біздің өз қалауымызбен не істейтінімізді білгендіктен солай жазады.
Төртіншіден, Алла Тағала тағдырымызды жазатын кезде, біздің дербес қалауымызды ескереді әрі оны қалай қолданатынымызды да есепке ала отырып жазады. Біздің басымызға келетін жақсылық пен жамандық та өзіміздің ішкі ниет, қалауымызға байланысты беріледі.
Бесіншіден, егер біз қалауымызды ізгі жолда қолданатын болсақ, онда Алла Тағала өзінің мол мейірімімен бізге мына өмірде нығметтер беріп, ақыретте де жәннатты нәсіп етеді...», - дей келе жамағатты жақсылықтан үміт үзбеуге шақырды.
Сөз соңында ел бірлігі мен халқымыздың амандығы үшін жамағатпен бірігіп дұға жасады.

040322 Juma uaqyzy 2

040322 Juma uaqyzy 3

040322 Juma uaqyzy 4

040322 Juma uaqyzy 5

040322 Juma uaqyzy 6

040322 Juma uaqyzy 7

040322 Juma uaqyzy 8

ummet.kz

Бөлісу: