Бүгін қасиетті жұма күні «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне жаңа азаншы тағайындалды. Жаңа азаншы Аманжолов Алтынбек Аманжолұлы жұма намазына жиылған жамағатқа таныстырылды.
Күні бүгінге дейін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің азаншысы әрі қариы қызметін абыроймен атқарып келген, ендігі жерде «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне қызметке ауысып жатқан Хадиршаев Салман Абдулхафизұлына мешіт ұжымы құрметпенн шапан жауып, алғыс айтып, сый-сияпат жасады.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің жаңа азаншысымен таныс болыңыздар:
Аманжолов Алтынбек Аманжолұлы – 26.10.1992 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданында дүниеге келген.
Білімі:
Мамандығы: исламтану;
2013-2016 жж. «Астана» медресесі;
2017-2020 жж. Түркия мемлекеті «Хасики» университеті;
Еңбек жолы:
2016–2017 жж – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінде азаншы қызметін атқарды;
2020-2021 жж. – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінде наиб имам қызметін атқарды;
01.09.2021 – осы кезге дейін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Ақмола облысы, Целиноград аудыны, Қараөткел ауылы «Қажы Рафия Ана» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.
Отбасылы, үйленген.
ummet.kz