26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Ерекше балаларға ерекше мейрам сыйлады (видео)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: Ерекше балаларға ерекше мейрам сыйлады (видео)

Мешіт тынысы
Жарнама

Барлық бала бақытты болуға тиіс. Осы ұранды алға тартқан «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы қайырымдылық шарасын өткізді.

Қаламыздағы ерекше күтімді қажет ететін балалары бар 18 отбасына мейрамханада арнайы дастархан жайып, түскі ас берді. Сондай-ақ, туа бітті түрлі дертке шалдыққан бүлдіршіндердің ата-аналарына тегін дәрігерлік кеңестер айтылды.

«Сауап» тобының атсалысуымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасында ерекше балалар мейірім нұрына бөленіп, қуаныштан жүздері бал-бұл жайнады. Шараға «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Берікбол Мергенбайұлы қатысып, ата-аналарға тұшымды насихат айтып, балаларына Алладан шипа дұғасын тіледі. Әрбір қиындықтың артында жасырылған жеңілдік пен жеңіс барын айтып, сынаққа сабыр етіп келе жатқан ата-аналарды бір Алладан үміт үзбеуге шақырды.

Абай атамыз: «Қары көп қалың қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келеді», — деп қандай жақсы айтқан.
Қараңғылықтың артынан жарқырап күн шығатынына біз де үміттіміз. Ерекше балаларға ерекше мейрам сыйлаған мешіт ұжымы мен демеуші азаматтарға ата-аналары үлкен алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

ummet.kz

Бөлісу: