Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – ол өзгеге пайдасы тигені» деген.
Осы өсиетке амал еткен «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы бүгін қаламыздағы қырық отбасына қуаныш сыйлады. «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен бірге ұйымдастырылған кезекті қайырымдылық шарада әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бір айлық көлемінде азық-түлік үлестірілді.
Тағы бір хадисінде Алла Елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауапты болады» деген. Үнемі жақсылық жасауда үлгі боп келе жатқан «Сауап» белсенділер тобының жанашыр да, қамқор азаматтары мешіт қабырғасында өтетін көптеген қайырымдылық істердің басы-қасынан табылып, әрдайым игі істерге қолдау көрсетіп келеді. Халықтың алғысына бөленіп, рақметін алған атымтай жомарт азаматтарға, мешіт ұжымына келген отбасылар разылықтарын білдірді.
ummet.kz