22 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Нұр Астана» мешітінің жанынан ашылған «Al-Hijama» альтернатив медицина клиникасының есігі келушілерге ашық.
«Әл Хижама» клиникасы 2016 жылы қарашада ашылған, содан бері 10 000-нан астам адамға хижама емін жасап, 500-ден астам бала сүндеттеген. Бірнеше рет мүфтиятпен бірігіп мұқтаж жандарға тегін науқандар ұйымдастырған. Клиниканың негізін қалаған реабилитолог, кэтмен және хажжам ғылымдарының маманы Бижан Маратұлы. Әлемнің 30-дан астам елінде білімін жетілдіріп, тәжірибесін шыңдаған Бижан Маратұлы ҚР Ұлттық Ғылыми Медициналық Орталығы және Ұлттық Олимпиада комитетінде «Медициналық ғылыми топ» мүшесі болған.
Бүгінде ұмытыла бастаған Пайғамбар ﷺ медицинасының дамуына атсалысып жүр. Осы бағытта ашылған «Әл Хижама» клиникасы халыққа төмендегідей қызметтер ұсынады:
1. Хижама
2. Сүндетке отырғызу
3. Емдеу, массаждың барлық түрі.
4. Кинезиотейп (спорт медицинасы)
5. Хижама және массаж үйрету сабақтары.
6. Аят, хадисте келген түрлі шөп дәрілер (@muslim_pharm) сату.
Сондай-ақ, клиниканың жұмыс барысымен @alhijama_clinic инстаграм парақшасы арқылы таныса аласыздар немесе қосымша ақпарат үшін +7778 225 04 45; +7702 459 85 22 нөмірлеріне хабарласа аласыздар.