01
Жұма,
Қараша

һижри

Садақа – Аллаға жақындатар амал

Мешіт тынысы
Жарнама

7 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Енді мешітке келмей-ақ қайырымдылық шараларға атсалысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуға болады. Ол үшін kaspi.kz қосымшасы болса жеткілікті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Көпшілік орындарға қойылған санитарлық талаптар мен ережелерге сай діни мекемелер, соның ішінде мешіттер де қалың бұқараға есігін ашқанымен, әлі де сақтық шараларын сақтап, келушілердің толқынын шектеп отыр.

Дегенмен игі істерге атсалысып, басқаға көмек қолын созамын деген кісілер мешітке келмей-ақ, онлайн садақа беруіне болады.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) «Садақа беруде асығыңдар. Өйткені апат садақадан оза алмайды» деген өнегелі сөзін өмір салтына сіңірген және садақаның сырын терең түсінген халқымыз сапарға шығарда, жаңа іс бастарда, тіпті денсаулығы сыр бергенде де садақа беруді дағдыға айналдырған.

Сондай-ақ, садақа мұқтаж бен дәулеттінің арасын жалғайтын көпір, қоғамдағы тепе-теңдікті сақтау үшін мұсылмандар арасында кеңінен жайылған сауапты амал. Олай болса, төмендегі нұсқаулықта kaspi.kz және homebank қосымшасы арқылы садақа беру жолын назарларыңызға ұсынамыз.

Kaspi арқылы:

  1. Kaspi қосымшасына кіріп, Төлемдер (Платежи) бөліміне өтеміз;
  2. Іздеу жолына Садақа ("садака") деп жазамыз;
  3. Іздеу нәтижесінде шыққан "Садака в мечети" бөліміне өтеміз;
  4. "Садака в мечети" бөлімінде: Қаланы; Мешітті; Садақа түрін таңдаймыз;
  5. Қалаған соманы енгізіп Төлеу ("Оплата") батырмасын басамыз.

 kaspi0

 kaspi

 kaspi2

Homebank арқылы:

  1. Homebank қосымшасына кіріп, Платежи бөліміне өтеміз;
  2. Менюдің соңында "Мечети" пункітісн таңдаймыз
  3. Қаланы және мешітті таңдаймыз
  4. Садақа түрін таңдаймыз
  5. Сумма пунктісінде қалаған соманы енгізіп "Оплата" батырмасын басамыз.

 homebank

 homebank

 homebank

 

Бөлісу: