26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында тағы 40 аппарат ауруханаларға табысталды

«Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында тағы 40 аппарат ауруханаларға табысталды

Мешіт тынысы
Жарнама

10 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла» акциясының аясында елордадағы ауруханаларға 20 оттегі концентраторы мен 20 өкпені тыныстандыру аппараты тапсырылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ «Зекет» қоры елімізде тынысы тарылып, дем жетпей жатқан науқастарды қолдау мақсатымен «Өмірге үміт сыйла» акциясын жариялаған болатын. Бұл шара еліміздің түкпір-түкпірінде қолдау тауып, мешіттер мен «Зекет» қорының филиалдарында белсенді түрде жүзеге асып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы мешіттері де ізгі шарадан қалыс қалмады.

Қайырымдылықты жаны сүйетін азаматтардың басын біріктірген «SAUAP» белсенділер тобының мүшелері де атсалысқан игі шараға «Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрдаулет Иманалиұлы мен «Зекет» қоры директорының орынбасары Ділмұхан Нұркен және Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов қатысты.

Асыл дініміз бен қазақ тағылымында дер кезінде қол ұшын созып, көмек көрсету үлкен сауапты амалдардың қатарына жатады. Осы бағытта талмай еңбектеніп жүрген «SAUAP» еріктілер тобының азаматтарына Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов сіңірген еңбектерін Алла сауаптан жазсын деп дұға етіп, айрықша алғысын білдірді.

Сөз соңында «Өмірге үміт сыйла» акциясы әлі де жалғасып жатқанын хабарлаймыз.

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.54

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.53

 

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.54 2

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.56

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.56 1

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.54 1

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.55 1

WhatsApp Image 2020 08 10 at 10.20.55

 

Бөлісу: