26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайырымдылық – жанашыр қоғамның көрінісі

Мешіт тынысы
Жарнама

3 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде төтенше жағдай жарияланып, дауасыз дерттің тарала бастағанынан бері қалың бұқараны бір-біріне жәрдемдесуге үндеп келеді. Қазіргі күні қоғамда бір-бірімізге мейіріммен қарап, қол ұшын созу аса қажет-ақ.

«Нұр Астана» мешітінің ұйымдастыруымен, жаны жомарт жандардың атсалысуымен бүгін, міне, тағы 20 отбасына көмек көрсетілді.

«Қайсыбір мұсылман өзінің бауырына көмектессе, Алла оған көмектеседі» делінеді хадисте. Көңілі дархан азаматтардың қолдауымен бүгін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға сойылған құрбандық малдарының еті таратылды. Одан бөлек қаржылай көмек берілді. Шара соңында «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов атымтай жомарттардың кәсібіне құт-береке, нәсібіне молшылық тіледі.

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

QaiyrymdylyqQurbandyq 1

Бөлісу: