28 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше ҚМДБ-ның ғимаратында «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» және «Нұр Астана» мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты рухани мәуліт кеші болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Құран аяттарымен бастау алған игі шара барысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, кеш қонақтарына ғибратты сахналық қойылымдар ұсынылды.
Мәуліт кешіне ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Ершат Оңғаров пен Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, қари Жұманазар Садырханұлы қатысты.
Сондай-ақ, Мәуліт айының құрметіне орай Muslim.kz порталы жариялаған #МаулітChallenge игі істер эстафетасында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар мараппаталды.