27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Елордалық жамағат Құрбан айт мейрамын тойлады (ВИДЕО+ФОТО))

Астаналық жамағат Құрбан айт мейрамын тойлады

Мешіт тынысы
Жарнама

11 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Дініміз бен дәстүрімізді ұштастырған Құрбан айт мейрамын ерекше ықыласпен қарсы алған астаналық жамағат мерекелік күнді «Нұр Астана» мешітінде айт намазын оқумен бастады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бүгін таңсәріден еліміздегі барша мешітте Айт намазы оқылды. Ізгі ниетімен мешітке ағылған халық сүннетке амал етіп, хош иіс себініп, әсем киініп, Құрбан айт мейрамын қуанышпен қарсы алды.  

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы жиналған көпшілікке Құрбан айттың қадір-қасиетін, құрбандық шалудың әдебін түсіндіріп, мерекелік уағыз-насихат айтты.  

«Бұл күндер шамасы жеткен әрбір мұсылман баласы құрбан шалып, өзінің бойұсынуы мен шүкіршілігін әйгілейтін, тақуалық амалдар жасайтын күндер. Ендеше, бұл күндерді барынша жақсылықтармен безендірмек керек. Құрбан айттарыңыз қабыл болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ел іргесі бүтін болғай! Шалған құрбандықтарыңыз Алла құзырында қабыл болсын!», - деп барша жұртты мүбәрак мейраммен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

Одан кейін жамағат орталық мешіттің бас имамына ұйып, мерекелік айт намазын оқыды. Жамағат Алла Тағаланы тәкбірмен ұлықтап, Айт намазының құтпасына қатысты. Намаздан соң бауырлар бір-біріне құшақ жайып, «Алла қабыл етсін!» деп дұға-тілек жасады. Мешіт ақсақалы ортаға шығып ақ батасын берді. «Нұр Астана» мешітіндегі Құрбан айт мейрамы ары қарай «Мейірімділік мекені» қайырымдылық жәрмеңкесі мен ұлттық спорт шараларына ұласты.

Айта кетейік, бұл мерекеде екі амал орындау шарт: айт намазын оқу мен құрбан шалу. Құрбан шалу рәсімі Нұр-Сұлтан қаласының 3 ауданы бойынша арнайы белгіленген орындарда өтеді. Әр орында қасапшылар мен дұға жасайтын имамдар бар.

Құрбан айттың үш күнінде ренжіскендермен татуласып, жастар үлкендердің үйлеріне сәлем бере барса, молынан сауап алады делінеді.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: