15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Әбітайұлы Асқар «Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы діни бірлестіктердің ролі» атты конференцияда баяндама жасады.
Адал ас – жанға дәру
14 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Астана қаласының Бас имамдары жиналған өкілдіктің кезекті отырысында Халал Даму ЖШС-нің Астана қалалық өкілі Абдукаримов Бағдат атқарған жұмыстары жайлы баяндады.
"Ислам және отбасы" жылына орай жылдық жоспар талқыланды
14 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы өкілдікке қарасты мешіттердің Бас имамдары, наиб имамдары және ұстаздарымен кезекті жиналысты өткізді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау акциясы ұйымдастырылды
13 Наурыз. Астана. Ummet.kz Су тасқынынан зардап шеккендерге ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі - «Нұр Астана» орталық мешіті «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық керуені акциясын жариялады.
Аналар қуанышқа бөленген күн
9 Наурыз. Астана. Ummet.kz ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «әйел-қыздар» секторы және «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсетіліп, мерекелік сыйлықтар табысталды.
Алғысымыз толастамасын
2 наурыз. АСТАНА.Ummet.kz. ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, «әйелдер-қыздар секторы» және «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Алғыс күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Ауызбірлік пен келісім – ел тұрақтылығының негізі
1 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz. Алғыс күні қарсаңында «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Дәурен Муслимов «Шейх Кунта қажы» мешітінің жамағатына «Қазақстандағы ауызбіршілік пен келісім» тақырыбында уағыз жүргізді.
«Алғыс айту –рухани байлығымыз» атты 1 наурыз күніне арналған қайырымдылық акциясы
28 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz. Алғыс айту – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Ана тағдыры – адамзат болашағы (ФОТО)
27 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz. ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «Әйел-қыздар» секторы және «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Қыз-келіншектердің өмір сүру сапасын арттырудағы стресспен күресу орны» тақырыбында арнайы тренинг өткізілді.
Орталық мешітте жаңа жобаның таныстырылымы өтті (ФОТО)
26 ақпан. АСТАНА. UMMET.KZ – ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста биылғы жылды ҚМДБ қызметі аясында «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Бас мүфтидің бастамасын қолдау мақсатында, «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан «Мұсылман отбасына кеңес беру орталығын» ашу жоспары талқыланып, алғашқы таныстырылымы өтті.