01
Жұма,
Қараша

һижри

Құрметті Астаналықтар! Нұр Астана орталық мешіті елордамыздағы күн райының қолайсыздығына орай қыс мезгілінің қазіргідей аязды күндері көмекке мұқтаж болған жандарға, қамқорлық танытуға шақырады. Осыған орай мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып “Астана – мейірімді қала” атты акциясын бастауда.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты Елбасы Жолдауын қала имамдарына кеңінен таныстыру жиыны өтті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы  Асқар Мұқанов мешіт жанындағы «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесіп, салиқалы сұхбат құрды.

Кеше «Нұр Астана» орталық мешітінде құптан намазынан кейін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жамағатпен бірге намаз оқып, Құран Кәрімнің құндылықтары туралы көркем уағыз айтты.

Мешіт көркі – жамағат. Ал, құлшылық үйінде жиналған мұсылмандардың береке, бірлігі дініміздің негізгі тірегі болмақ. Сол себепті мешіттегі мүміндердің имам, ұстаздармен, жалпы жамағатпен қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінеді. Осындай игі мақсатта «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқановтың ұйытқысымен жамағатқа ас берілді.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет «Нұр Астана» орталық мешітінде алғашқы жұма уағызын жүргізді. Бас мүфти жамағатқа Исламдағы бала тәрбиесі жөнінде салиқалы әңгіме өрбітті.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Мұқанов Асқар Әбітайұлы «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Жібек жолы дауысы - 2017» рухани әндер фестивалі өтті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Серікбай қажы Оразды Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына сайлануымен құттықтады.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні барша Қазақстан халқының мерейлі мерекесі ретінде аталып өтіледі.

Бұл күндері Елбасының тікелей қамқорлығымен еліміз ұлттарды ұйыстырып, жұртшылықты жарастырған, бірлігіне бекем мемлекетке айналды. Асыл дініміз Исламның көкжиегі кеңейді.