Итидал деңгейіндегі махаббат – тұлғалар арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, жұбайына «иә» деген және ол айырмашылықтарға қарамастан әйелімен тіл табысып жараса білу.
Ең алдымен, жүрек таразысын салып, жұбын дұрыс өлшемнен өткізіп алды. Бұл тұлғалар некеге дейін әділетті әрекет етеді, үйленгеннен кейін де барынша жомарт қарым-қатынас жасайды. Барлық айырмашылықтарына қарамастан, жұптары үшін барлық адамдардан бірнеше саты жоғары тұруына итидал деңгейіндегі махаббат жеткілікті. Оның жомарттығы оған тек тұлға болғаны үшін ғана қызмет етуге итермелейді. Бұл қызмет уақт және ортамен шектелмей, өмірдің және некенің әр кезеңінде өмір сүруін жалғастырады. Мұндай жұптар қарым-қатынастарының сапасын жақсартуға тырысып бағады. Бұлардың әрекеті – кездейсоқ емес, еңбектеніп қол жеткізген бақыт. Шындығында, олардың қажырлы еңбегі – өз кезегінде фильмдер мен романдардың тақырыбы болуы керек нағыз ғашықтар тақырыбы.
Итидал махаббат түріне келтіруге болатын ең көркем мысал – Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен әзірет Хадишаның некесі. Олардың арасында жас пен байлық айырмашылығы бар. Пайғамбарымыз жас жағынан кіші, әзірет Хадишаның байлығы көп. Шындығында, осы екі аспектіні критерий ретінде алсақ, олар әртүрлі әлемнің адамдары. Олар араларындағы айырмашылықтарды біле отырып, отбасы құрды және сондай керемет үлгілі отбасы бола алды, әлем мұндай некені сол кезден қазіргі күнге дейін көрмеді. Олардың некесіндегі барлық мәселелердің басымдығы өзіне емес жұбына тиесілі еді.
Бұл отбасыны баяндаған тарихшылар Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әзірет Хадишаға ешқашан қарсы шықпағандығын айтады. Әзірет Хадиша да барлық мал-мүлкін ері үшін жұмсады, оның алып келген дінінің жан-жақты сенімді қолдаушысы болды, оның бар өмірі жұбайы еді деп тарихта қалды.
материал «Бақытқа барлығы лайық» кітабынан алынды,
ummet.kz