24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Ризықтың үлкені – адамдардың жүректері саған бұрылып тұруы»

«Ризықтың үлкені – адамдардың жүректері саған бұрылып тұруы»

Ислам тарихы

Бірде бір кісі имам Әбу Хазимге келіп:

«Уа, Әбу Хазим! Мені көрген адамдар қашан да болмасын маған дұға қылып, маған деген сүйіспеншілік білдіріп жатады. Мен оларды танымасам да солай. Бұның сыры неде?», -  деп сұрақ қояды.

Сол кезде ол: «Оның себебі – өзіңнің көркем амалдарыңның жемісі деп ойламайсың ба? Расында бұл – Алланың құзырынан болған нығмет. Оған шүкір ете біл. Өйткені Алла Тағала «Мәриәм» сүресінің 96-аятында: «Иман келтіріп, игілікті істегендер бар ғой, Рахман Алла оларды (жерде де, көкте де) сүйікті қылады» дейді», - деп жауап берген екен.

Заманымыздағы бір араб ағартушысы да осы тақырыпқа қатысты былай деген: «Ризықтың үлкен бір түрі – сені көрген адамдардың жүректері саған қарай бұрылып тұруы». Имам Әбу Хазим сөзін жалғастыра былай дейді: «Кімде-кім Алламен қарым-қатынасын түзесе, Алла оның басқа адамдармен қарым-қатынасын түзейді. Ал кімде-кім Алламен қарым-қатынасын үзетін болса, Алла оның басқа адамдармен қарым-қатынасын үзеді».

материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: