24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ей, нәпсім! Құлшылық жасауыңа не кедергі?!

Ей, нәпсім! Құлшылық жасауыңа не кедергі?!

Ислам тарихы

Ей, нәпсім! Құлшылық жасауыңа не кедергі? Мен нәпсімнің қажеттіліктеріне сабыр, шыдам ете алмаймын дерсің. Қаншалықты ақымақ едің? Егер нәпсіңнің қажеттіліктеріне шыдай алмайтын болсаң, ләззат пен рахаттан айырылғың келмесе, онда неге мәңгілік болатын рахатты іздемейсің?

Бір ауру адамға дәрігер: “Сен ауырып тұрсың, үш күн мұздай су ішуге болмайды. Егер мұздай су ішіп қоятын болсаң, ауруың асқынып, мұздай суды өмір бойы іше алмай қаласың” десе. Егер ол адам үш күнге шыдай алмай су ішіп қойып, үш мың күн су ішуден мақрұм қалса ол адамға не дер едің? Қандай ақымақ дер едің иә? Ақылсыз адам дер едің? Үш күн шыдағанда рахаттанып тұрып мұздай су ішіп өмір сүрер еді. Үш-ақ күнге шыдай алмай түскен хәліне қара, деп әлгі адамға күлер едің. Осы тұста, неге өзің сол нәпсіңнің қажеттіліктеріне шыдай алмайсың? Егер сол қажеттіліктерге шыдап, төтеп берсең ертең Алланың алдына барған кезде мәңгілік рахатта, мәңгілік ләззатта боласың ғой? Бұл дүниенің арбаушы ләззатына шыдай алмасаң, ақыретте Алланың азабына қалай шыдайсың?

Ей, нәпсім! Амалды кешіктіруіңе жасырын жатқан күпірлігің себеп пе? Жасырын жатқан күпірлігің Аллаға, қияметке деген иманыңның әлсіздігі. Алланың ұлықтығын сезінбеуің, Алланың саған дайындап қойған сауабының немесе азабының үлкендігін сезінбеуің.

Ей, нәпсім! Кешіктіру себебің осы ма әлде ақымақтығың ба? Сенің ақымақтығың сол, ақырет есіңе түскенде Алланың кеңшілігіне, Алланың мейіріміне арқа сүйейсің. Ал дүние ісіне келгенде бір жұтым су мен бір үзім наннан Алланың рақымын, кеңшілігін көре алмайсың. Сен бұл әрекетіңмен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ақымақ деген адамдардың қатарына кіресің. Ақылды адам өзіне есеп беріп, өлімнен кейінгіге, яғни ақыретке қамын жасаған адам. Ал ақымақ адам көңіл қалауына, нәпсісіне ере тұра Алладан жақсылық күткен адам.

материал «Ей, нәпсім» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: