ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Жастар ісі» секторының ұйытқы болуымен Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елордалық имамдар «Астана ботаникалық бағында» «Табиғатты аялау – аманат» экологиялық акциясын өткізді.
Ерекше және сирек өсімдіктерді өз ішіне алған жасанды бақтың ішін аралап, құстарға арнайы жем шашты. Сондай-ақ, бақты аралап жүрген қала тұрғындарына табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға арналған сөздер жазылған қалта қағаздарын таратты.
Сондай-ақ табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстау да адам баласына жүктелген міндет. Өйткені ислам діні тазалыққа шақыратын дін. Құранда және Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көптеген хадистерінде тазалықтың маңыздылығы жайында айтылған. «Тазалық иманның жартысы» [Мүслим] деген хадис осының бір айғағы.
дереккөз: muslim.kz