24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әкеңіз Пайғамбардай (с.ғ.с) болмаса да, сіз Фатимадай (р.а) болыңыз

Әкеңіз Пайғамбардай (с.ғ.с) болмаса да, сіз Фатимадай (р.а) болыңыз

Исламдағы отбасы
Жарнама

Көптеген қыздарға айтқым келеді, ол кісілерді қадірлейік, құрметтейік. Өміріміздегі ең бірінші құрметке лайықты азамат – әке.

(Детская травма, обида деген нәрсені ұмыту қажет, ол мұсылман қызына жарасатын амалдар емес асылында) Әкенің бала алдындағы өз міндеттері бар. Бірақ әкенің ол нәрсені жасамауы сіздің ол кісіге деген құрметіңізден тосып қалмасын. Біздегі міндет – ата ананың біздің алдымыздағы мінеттерді орындай ма жоқ па, оны қадағалап, түзетуге, өзгертуге тырысу емес.

Біздегі міндет – Алла көрсеткен өз міндетімізді орындау. Сіздің әкеңіз Пайғамбардай болмаса да, сіз Фатимадай болуға тырысыңыз. Сіз бөлмеге кіргенде орын бермесе, маңдайыңыздан сүйіп, жылы сөз айтпаса, ол кісіге сіз жасаңыз, ол кісі бөлмеге кірсе орныңыздан тұрып сіз орын беріп, құрмет көрсетіңіз. Сахабалар мүшрік әкелерін де құрметтейтін еді. Аллаға шүкір, мұсылман болған әкелерімізді даттап, ренжіп, сіз маған детская травма жасадыңыз дейтін болсақ, “сахабалардан өнегені” былай қойып, кімді үлгі етіп жүргеніміз?!

материал «Мұсылманға ескерту» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: