24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда дәретсіздікке ұшыраудың көрінісі

Намазда дәретсіздікке ұшыраудың көрінісі

Намаз

Фиқһ кітаптарымызда келгендей намазда тұрған адамның дәреті бұзылса, дәретін алып, қайтадан сол бұзылған жерінен жалғастыра алады.

Ол жайлы Алла Елшісінен (с.ғ.с) сахих хадис келген, Ол: «Кімде-кімнің намазда мұрыны қанаса, ешкімге сөйлеместен барып дәрет алып келсін, сосын намазды тоқтатқан жерден жалғастырсын» - дейді (Ибн Мәжә).

Бірақ бұл адамға дәрет алуға кету барысында намазды бұзатын артық іс-қимыл жасамау шарт етіледі  (Бинәя шарх әл-Һидая). Ал әйел адамға дәрет алу үшін әурет жерін ашуға тура келетіндіктен, ол бұзылған жерінен намазын қайта жалғастыра алмайды. Себебі, әурет жердің ашылуынамазды бұзатын амалдардан. Демек, намазда әйел адамның дәреті еркінен тыс бұзылып кететін болса, дәрет алып, намазын қайта басынан бастап оқиды.

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: