Қасиетті Рамазан айының құрметіне орталық «Иманғали» мешіті дәрігерлерге, төтенше жағдай саласы мамандарына және көше тазалықшыларына ауызашар қоржындарын таратты.
«Берекелі Рамазан – ізгіліктің, қайырымдылықтың, бауырмалдықтың айы. Біз бұл айда адамның саулығы, амандығы үшін және қаламыздың көркі үшін аянбай тер төгіп жүрген маман иелеріне құрмет көрсеттік» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Бөлісу: