Шымкент орталық мешіті мен қалалық мәслихат депутаттарының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ депутаттар қала бойынша жағдай төмен, көпбалалы отбасыларға ауызашар рәсімінің орнына азық-түлік салынған Рамазан қоржыны 1000 отбасыға үлестірді. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов айтулы шараның маңыздылығы жөнінде БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Айта кетсек, елдегі карантин талаптарына сәйкес, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарқаны орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылды.