25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбандықтың қандай түрлері бар?

Құрбандықтың қандай түрлері бар?

Құрбан Айт
Жарнама

Құрбандықтың бірнеше түрі бар.

Мысалы  дүниеге сәби келгенде, Алла Тағаланың нәсіп еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын малға «ақиқа» құрбаны делінеді. Сондай-ақ, белгілі шарттардың орындалуына байланысты мұсылман баласы бір малды құрбандыққа шаламын деп уәде етіп, уәденің уақыты келгенде шалатын малға «нәзір құрбаны» делінеді. Мысалы ауырып жатқан адам осы ауруымнан айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір қойды құрбандыққа шалуы уәжіп (міндет) болады. 

Ескерту: «Нәзір» құрбанына шалынған малдың етінен, шалған адамның өзіне, балаларына, немерелеріне және әке-шешесіне тіпті ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа ретінде кедей-кепшіктерге таратылуы тиіс. «Ақиқа» құрбанының етінен шалған адамның өзі жей алады. Қаласа садақа етеді. 

дереккөз: fatua.kz

 

Бөлісу: