25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбан айттың сүннеттері

Құрбан айттың сүннеттері

Құрбан Айт
Жарнама

Айт күндері ерте тұрып, мешітке барардың алдында жуынып, жақсы иіссу себініп, ең жақсы киімді киіп, мұсылман бауырларымен қуана жолығып, қолынан келгенше садақа беріп, түндерін құлшылықпен өткізу – мұстахап.

Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім ораза айт түні мен құрбан айт түнінің сауабын Алладан тілеп, сол түнді құлшылықпен өткізсе, жүректер өлетін күні оның жүрегі өлмейді» – деген. Яғни, оның жүрегі иман нұрынан нәр алып тұрады. Мұсылман бауырлар бір-бірін құттықтап, «ғафараллаһуләнә уа ләкум» (Алла біздің де, сендердің де қате-күнәларымызды кешірсін) немесе «тақаббалаллаһуминна уа минкум» (Алла бізден де, сіздерден де қабыл етсін) деп дұға айтысады. Бұл – мәндүп.

Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құрбан айт күндері жуынатын. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айт күні киетін қызыл шапаны болатын. Өзінде болмаса иіссуды туыстарынан алып келіп себетін. Мешітке барарда бір жолмен барса, қайтарда басқа жолмен қайту – сүннет.

Жабирдің риуаят еткен хадисінде «пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айт намазына шыққанда бір жүрген жолымен қайта жүрмейтін» делінген. Кейбір ғалымдардың айтуынша, сауабы мол болсын, әрбір қадамға сауап жазылсын деген ниетпен алыс жолмен мешітке барып, төте жолмен қайту дұрыс. Құрбан айт намазын алғашқы уақытында оқу – мұстахап.

материал «Құрбан шалу (хикметтері мен үкімдері)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: