25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасы: жас жұбайларға 10 кеңес

Исламдағы отбасы
Жарнама

Шыны керек, шаңырақ көтергенде барлық жан иесі бақытты ғұмыр кешуді мақсат етеді. Алайда, күйбең тірліктің көп мәселесі отбасы беріктігін тексеріп көргісі келетіндей, жер бетінде  қиындық пен қатаң  сындарға  кезікпеген  бір де бір  отбасы жоқ  десе болғандай. Барлық өмірдің сындарына отбасының  негізгі екі қозғаушы күші – отанасы мен отағасы  төтеп беруі тиіс.

Ерлі- зайыптылар бірін бірі  бағалауы тиіс. Бар ықыласыңызды оның жақсы қасиеттеріне бөліңіз. Екі жанның сезімталдық жақындыға пікір қайшылығын  да жеңе алады. Үйдегі екеуара жылулықтың  жоқтығы  майда – шүйде  кемшіліктердің  көрінуіне әсер етеді.  Мұндай жағдайда  аса қатты  мән беру керек.

Сенім. Жанұялық өмір басталғанда ең алдымен – ақ жаулықты  мен тізгін ұстар арасындағы мызғымас сенім  болуы шарт. Сенімсіздік салдары күдіктену, ұрысу, жан – жалдасу  сияқты кері эмоцияларды туғызады. Ал, бұл келеңсіздікті   дереу қолға алмаса, соңы ажырасуға алып келуі мүмкін.

Жақын араласып пікірлесу қажет. Жақсы қарым- қатынастың  қас жауы – енжарлық. Немқұрайлылық салдарынан жұбайлар  бірін бірі тыңдамай, сезінбей  дауласа алады. Сондықтан, пікірлесу арқылы бірін- бірі  толғандырып , мазалап  жүрген  жайттардан  хабар алып отырған дұрыс.

Ортақ қызығушылық. Қызығушылықтың екі адамға ортақ болуы рухани  тұрғыда жақындата түседі. Егер жолдасыңыздың ісінің бірі қызықтырмаса, екі жанға да ортақ бола алатын себептерді  іздеген абзал. Әрине, бұл тек  жұптың бос уақыттары үнемі бірге өтуі тиіс дегенді білдірмейді.

Қамқорлылық пен мұқияттылық. Кез келген отбасына және оның мүшелеріне  жан жылуы мен махаббат  қажет екені сөзсіз. Салқындық пен өшпенділік отбасын күйретіп тынатын кереғар әрекеттер болып табылады. Сондықтан, адамдар  бірін бірі аялап , қамқорлық танытып , бірінің тағдырына бірі аса мұқияттылықпен  қарауы тиіс.

Қарым – қатынас арасындағы романтика. Біз жанымызға жақын санайтын адамды қуантқымыз келеді, оның мерейінің үстем болуы  туралы қиялдарға  берілеміз.  Мұның өзі романтикалық  элементтер  болып табылады. Шындығында романтикадан үркудің  қажеті жоқ.  Ажырасқан жұптардың арасында романтиканың жоқтығын  мысалға келтіретіндер тым көп екен.  Күтпеген жерден романтикалық кешке шақырып, гүл ұсыну отбасы беріктігін орната түсетін себептердің  біріне жатады.

Отбасылық міндеттерді бөлісу. Әрбір адам отбасын құру алдында  жанұялы болған  кездегі міндеттері туралы ойланатыны  белгілі.  Сондықтан, жаңа өмір бастар алдында бірден міндеттерді бөлісіп алған  жақсы. Үйдегі ыдысты кім жуып, қомақты қаржыны кімнің  үйге әкелетіні  маңызды емес.  Маңыздысы- қай жұмыста екі жанның нәтижелі жұмыс атқара алатындығы.

Өзге шаңырақтың ерлі- зайыптыларын  өздеріңізбен салыстырмаңыздар.   Өзгелердің қаржылық, тұрмыстық  жағдайын салыстыру – отбасына ор қазғанмен бірдей.  Әр адам әу баста өзі идеал санаған жанды өмірлік серік етуге бел буады.  Әуелгі таңдауға нұқсан келтіруге  бола ма екен?

Мүсініңізді қалпында ұстаңыз. Белсенді өмір сүріңіз, денсаулығыңызбен дене бітіміңізге мән беріңіз. Сізді көрген жанның көзі тоятындығы  жұбайыңызға ғана емес, өзіңізге де  жақсы көңіл күй сыйлайды.

Күйзелістен арылуға күш салыңыз. Жамандық тек қана жамандықты шақырады. Сондықтан шыдамдылық танытып, сабырға келіп отыруды әдетке айналдырған жөн. Себебі, күйзелістің тізгінін босатып жіберсеңіз отбасылық өмірде ретсіздік орын алады.

 

 

Тұран Мұрал

Бөлісу: