Отбасылық кіріс-шығыс қаражатқа жауапты кім?
Әдетте, барлық шығынды ер кісі көтереді. Бірақ бұл ақшаға қатысты шешімді еркек қабылдау керек деген сөз емес. Жұбайлар барлық жағдайда бірлесе шешім шығарғаны дұрыс. Басқаша айтқанда, ер азамат табыс тапқан күннің өзінде үйге не қажет екенін біле бермейді. Бұл мәселеде үй шаруасымен айналысатын әйелдің тәжірибесі мол. Кейде, тұтынатын заттарға жұмсалатын қаражатқа ер кісілер мән бере бермейді. Ақшаны ауаға шашып жатсың деп әйелін кінәлайды. Мәселен, тіс пастасы, кір жуу ұнтағының бар-жоғы ер кісіні толғандырмайды. Жоқтығы таза көйлек таппай қалған кезде ғана байқалады. Оған дейін ұнтаққа жұмсалған ақша босқа кеткендей түйіледі. Бюджетке жауапкершілік тек біреуінің мойнында болуы шарт емес. Ең дұрысы екі-үш ай сайын ауысып тұру. Осылайша кімнің жоспарлауы отбасылық бюждетке тиімді екенін аңғаруға болады. Әрі бұл отбасында артық ақша жиналуына септігі тиюуі мүмкін.
материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,
ummet.kz