26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ханафи мәзһабы бойынша неке куәгерлерінің шарттары

Ханафи мәзһабы бойынша неке куәгерлерінің шарттары

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ханафи мәзһабы бойынша неке куәгерлерінің шарттары төмендегідей:

1. Куәгерлердің мұсылман болулары. Егер үйленетін қыз да, ұл да мұсылман болса, куәгерлер де мұсылман болулары шарт. Ал, егер қыз өзге діннен (христиан не яһуди) болса, куәгерлердің де осы діннен болуларының ағаттығы жоқ [«Ихтияр», 3/42 бет].

2. Ақыл-естері дұрыс болуы және балиғат (кәмелет) жастан асуы қажет.

3. Есту және түсіну қабілетіне куәгерлердің екеуі бірдей ие болулары керек. Бірі керең, екіншісі еститін болса да бұлардың куәліктері жарамсыз. Сондай-ақ, куәгерлер неке қиюшы екі жастың сөздерін естіп, олардың сөздерін түсінетін кісілер болулары керек. Өйткені, сөздерін естімесе немесе түсінбесе куәгерлік етудің пайдасы шамалы. Есту және түсіну қабілеті бар мылқаулардың да куәгерлігі некеге жарамды [«Жәуһәратун нира», 655 бет]. Егер үйленетін екі жас мылқау болса, неке куәгерлері мылқаулардың тілін түсінетін болулары ләзім.

4. Екі жастың үйленуге деген келісімдерін күәгерлердің екеуі де естіген болуы керек. Жігіттің келісімін естіп, қыздың келісімін естімей қалса немесе куәгердің бірі естіп, екіншісі естімей қалса еткен куәгерліктері жарамсыз [«Жәуһәратун нира», 655 бет].

5. Неке куәгерінің намаз оқып, ораза ұстайтын жан болуы шарт емес. Елімізде Аллаға сеніп, Мұхаммедті (с.а.у.) пайғамбар деп білетін, бірақ намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын қандастарымыз бар. Ондайлардың куәгерлігі жарамды [«Ихтияр», 3/41 бет]. Себебі Ханафи мәзһабы бойынша мұсылман, бірақ намаз оқу, ораза ұстау сияқты дін бұйрықтарын орындамағаны үшін күнәһар саналатын жанның да куәліктері некеге жарамды.

материал «Имамға көмекші» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: