26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бала тәрбиелеу әдебі: Алла Тағаланы таныту

Бала тәрбиелеу әдебі: Алла Тағаланы таныту

Исламдағы отбасы
Жарнама

Алла Тағаланың хақ дінін түсінген жан қызметінде жұмысын адал істеуі, өзгелермен көркем қарым-қатынас жасауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытуы, жәрдемдесуі сияқты істерімен өзгелерге үлгі болуы қажет.

Усама ибн Шариктен (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте, Пайғамбарымызға: «Уа, Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағалаға Оның құлдарының ішінде ең сүйіктісі кім?», - деген сұрақ қойылғанда, Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мінезінің ең көркем болғандары», - деп жауап бергендігі айтылады.

Қызметінде көркем мінез таныту арқылы мұсылман адам діннің көркемдігін көрсете алады. Ал оқыған намазы, ұстаған оразасы бола тұра өзгелермен шығыса алмай, болмайтын түрлі жағдай үшін дауласып, дөрекі қарым-қатынаста болуы, адамдардың оны жек көруімен қатар, оның ұстанған сенімінде жек көруіне алып келері сөзсіз.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: