26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбар (с.ғ.с) балаға тәлім-тәрбиені қалай берген?

Пайғамбар (с.ғ.с) балаға тәлім-тәрбиені қалай берген?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Тәрбиеде жұмсақтық пен жылылықты негізге алу шарт. Балалардың жасаған қателігі үшін жекіп, болмаса келеке етіп, ұнжырғасын түсіретін сөздер айтпау маңызды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көп тентектік жасай- тын балаларға «Өскенде ақылды болады» (Мүнәуи, 4,310) деп оларға ашуланбау керектігін меңзеген. Хазірет Әнас (р.а.) Алла елшісінің жұмсақтығы жайлы: «Хазірет Пайғамбарға (с.ғ.с) 10 жыл қызмет еттім. Орындамаған ісім үшін «Неге орындамадың?» – деп ұрсып, орынсыз істерім үшін «Неге олай істедің?» – деп жекігені есімде жоқ. Маған ешқандай ауыр сөз айтып, айыптаған емес», – дейді (Бұхари, Әдеп, 39; Мүслим, Фәдаил, 13).

Тағы бір риуаятта Әнастың (р.а.) балалық мінезіне Алла елшісінің ұстанымын мына риуаяттан көре алмыз: «Бір күні Алла елшісі мені бір іске жұмсады. Алғашында бармаймын деп қарсылық таныттым. Іштей Алла елшісінің бұйырған ісіне барғым келіп тұрды. Сосын айтқанын орындау үшін жолға шықтым. Жолда бір топ балалардың ойнап жатқанына кезігіп, ойындарына алданып біраз кідіріп қалған едім, иығыма біреудің қолын қойғанын байқап артыма бұрылып қарасам, Алла елшісі екен, маған күліп қарап: «Әнас, менің тапсырмам не болды?» – деді. Мен: «Міне, орындауға бара жатырмын, – деп жүгіре жөнелдім» (Мүслим, Фадайл 54. Әбу Дәуіт, Әдеп 1) , – дейді.

Ардақты елші балалары бар ата-аналарға: «Балаларыңның ізгілік жолында болуына жәрдем етіңдер. (Болашағын ойлаған) адам оларды атаанасына қарсы шығудан (дұрыс тәрбие беру арқылы) қорғасын!» (Фәйзулқадир, 2/13) – деп кеңес берген. Оларға мейіріммен, қайырымдылықпен қарап, ата-анасына қарсы шығудан сақтандырған. Балаларға осылай қарау оларды бағынуға, тәртіпке үйретіп, ер жетіп жетілгенде, олардың бағынбауларының алдын алады деп түсіндіреді (Фәйзул-қадир, 2/13-14). Алла елшісі (с.ғ.с) балаларына тәрбие берумен бірге білім беруді бірінші орынға қойған. Тілі шығысымен қасиетті Құран аяттарын жаттатқан. Бұл жайлы Ибн Шұғайып былай дейді: «Абдулмутталиб ұрпағының бірі сөйлейтін жасқа келгенде Алла елшісі (с.ғ.с): «Әлхамду лилләһи әлләзи ләм ияттахиз уәләдә, уә ләм иәкул-ләһу шәрикун фил-мулк » деген аятты жаттататын (Ибн Әби Шәйба 1,348).

Мұнымен қатар «лә илаһа иллаллаһ» деген кәлима шаһадатты үйрететін. Балалардың жасына қарай 6-7 жасында намаз оқуды, 10 жасында егер намаз оқымаса, ұрсу, денесіне батырмай ұру әрі бөлек жатқызу керектігін де айтқан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алиді 9 жасында Исламға шақырған. Сонымен қатар, балаға жазу-сызу оқу т.б. өмірге қажетті нәрселерді де үйретуге ынталандырған.

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы 111 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: