26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Отбасында рақмет тілі болса, молшылық келеді

Отбасында рақмет тілі болса, молшылық келеді

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бір рет рақмет айтудың өзін көп көру сараңдықтың ең қиыр шегі болса керек. Сондықтан ардақты  Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тілінен: «Адамдарға рақмет айта алмаған кісі Аллаға да шүкір ете алмайды» деген ақиқат шыққан (Әбу Дәуд, Әдәб, 11).

«Сірке судан басқа қатық жоқ» деген Айша анамызға («Сірке су қандай жақсы қатық) (Мүслім, Әшрәбә, 166) деп жауап қайырған Пайғамбарымыз (с.ғ.с) рақмет айтудың, алғыс білдірудің ерекше бір үлгісін көрсетеді: жоқ нәрсенің қасіретін шегу емес, бар нәрсенің ләззатын алу...

Адамдардың арасында рақметке ең көп лайық адам кім?

Ата-анамыз бұл тізімнің ең басынан орын алады, өйткені олар біздің басымыздағы тәждей.

Одан соң жұбайымыз келеді, өйткені бүтіндей бір өмір сонымен бірге өтеді. Одан соң бала-шағамыз, өйткені дертіміздің дауасы солар.

Рақмет тілі ата-анамыздан, жұбайымыздан және бала-шағамыздан көрген ең кішкентай, ең ұсақ жақсылықтар үшін болмашы бір жәрдем мен жақсылықтың қадірін біліп, олардан рақметімізді аямау дегенді білдіреді. Кейде біреуге рақмет айтып мақтасақ, шолжаңдап кетеді деп ойламаймыз, алайда сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізге былай деп тәлім еткен: «Өзіне бір жақсылық жасалған адам, мүмкіндігі болса, оған қарымтасын қайтарсын. Таба алмаса сол жақсылықты жасағанға мақтау сөз айтсын. Өйткені бір жақсылықты мақстаған адам шүкіршілік борышын өтеген болады. Ал жақсылықты көре алмай жасырған адам көрбақтық (жақсылықтың қадірін білмеушілік) еткен болады» (Тирмизи, Бирр және Сыла, 87.)

Рақмет тілін отбасына орнату үшін басқалардың бойында бар нәрселерді емес, өзімізде бар құндылықтарды бағалай білуіміз қажет. Бар болудың және бар болғанның ең үлкен байлық екенін сезіне білу қажет. Тағы да Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) тәліміне қарасақ, тек қана көптікке қарап емес, жоқтыққа қарап та көрбақтықтан арылуымыз қажет. (Бұхари, Риқақ, 30). Өйткені соқырлықтың ең қатерлісі көрбақтық.

Отбасында рақмет тілі болса жоқшылық емес, молшылық келеді. Рақмет тілі болса, отбасында реніш емес, кеніш болады. Рақмет тілі болса, кемшілік емес, мақтаныш келеді.

материал «Отбасымның байланыс тілі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: