26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ана артық па, әке ме?

Ана артық па, әке ме?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Неліктен шариғатта әкеден қарағанда анаға көбірек маңыздылық беріледі.  Қасиетті Құранда Жаратушы Алла: «Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ», - деп, перзенттің ана алдындағы үлкен борышын баяндайды. Мұның бірқатар себебі бар:

Бірінші, баланы дүниеге ана әкеледі. Ана перзентін құрсағында тоғыз ай қиналып көтереді. Екі жыл ақ сүтін береді. Әрі, ес біліп өз бетінше тамақтанатын, киім-кешегін ауыстыра алатын жасқа дейін түн ұйықтамай, күн күлмей арқалап асырайды. Мұнан кейін өмір бойы жүрегінде көтеріп өтеді.

Екінші, ананың болмысында мейірімділік, махаббат көбірек. Ана әкеге қарағанда әлдеқайда қамқор болып келеді. Бала есейген соң анасының мейірімі мен қамқорлығын ескермей кетуі мүмкін. Сондықтан шариғат анаға көбірек қамқор болуға шақырады.

Әбу Һурайра (р.а): Бір кісі пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ішінде кіммен ең жақсы қарым-қатынаста болуым керек?», – деп сұрады. «Анаңмен», – деді пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Әлгі кісі: «Одан кейін ше?», – деп сауалын жалғастырды. «Анаңмен», – деді пайғамбарымыз. Үшінші рет: «Одан кейін ше?», – деп сұрады әлгі адам. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы да: «Анаңмен», – деп жауап берді. «Ал одан кейін ше?», – деп қайта сұрақ қойған кісіге пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әкеңмен», – деп жауап қатты. Осы хадистен тағы да анамен көркем қарым-қатынас жасау қажеттігін әрі әкеден гөрі ананың хақысы биік екендігін түсінеміз. Бала әкеге өте үлкен құрметпен қарауға міндетті, ал ананың хақысы әкеден қарағанда жоғары болады. Бұл жайында хадис шәріптерде былай делінеді: «Анаға жасалған жақсылықтың сауабы екі есеге көп болады» (И. Ғазали); «Бірінші анаңа, екінші әкеңе, кейін әпке-қарындасыңа, аға-ініңе, кейін ретімен қалған туыстарыңа жақсылық жаса!» (Нәсаи); «Уәйіс әл-Қарани бүкіл ихсандары мен дәрежелеріне анасына жасаған жақсылықтарының себебімен қол жеткізді» (Р. Насихин).

материал «Әке мектебі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: