Негізінде, адамды қанышер ететін себеп пен жақсы жар болуға бастайтын себеп бірдей. Ол – адамның жұбайымен өте көп нәрсені бірге бөлісуі. Көршімізбен бір ғимаратты, әріптесімізбен бір жұмыс кеңсесін бөліскендей емес, жұбайымызбен толығымен бір әлемді бөлісеміз.
Христиан сенімі бойынша да үйлену антында осы мәселелер қамтылады. Өлім де олар үшін осындай ортақ нүкте. Сол үшін христиан әлемімен арамызда үлкен айырмашылық бар. Христиандар бөлісетін жақсы нәрселерді өліммен бітірсе, біздің нанымымыз бойынша өлімнен кейінгі өмірді де адамның жұбайымен бөлісетін нәрсесі көп. Дінімізде ерлі-зайыптылар шариғат шеңберімен өмір сүрсе, ана өмірде де мәңгілік бірге болады. Сол себепті өлім ерлі-зайыптыларды бір-бірінен айыра алмайды. Яғни, отбасындағы сенім мәселесінен де екі түрлі көзқарас шығады. Бірі – ол адам сен үшін жай адам болмайды, екіншісі – байқамасаң, ол адаммен араңда бақытты да бола аласың, қанішер де бола аласың» деген пікірді көрсетеді.
Отбасында шынайы көзқарасты ұстану – бақытты бола білудің алғашқы сатысы. Ерлі-зайыптылар жұбайының өзінен басқа жыныстағы адам екенін, басқа отбасында өскенін, басқа нәрселерді құндылық деп санайтынын, проблеманы шешудің өзге жолдарын білетінін, басқаша қарым-қатынас құру әдістерін қолданатынын, басқаша мотивациялық құралдармен әрекет жасайтынын және көптеген мәселелелерде олардың ерекшеліктері бар, өзінен бөлек тұлға екенін ұмытпауы керек. Бір-бірінен белгілі бір мәселелерде ерекшеленетін адамдардың барлық мәселеде түсінісуі мүмкін еместігін әу бастан білуі керек. Сонда ғана үйлену ой-сананың биік көрсеткішінен туатынын түсіне аласыз.
материал «Отбасындағы сенім терапиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz