26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардан (с.ғ.с) лайфхак: көңіліңе тыныштық сыйлайтынын таңда

Пайғамбардан (с.ғ.с) лайфхак: көңіліңе тыныштық сыйлайтынын таңда

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жар таңдау, үйлену мәселелерін ойлап, түрлі кітаптар оқитынмын. Оның ішінде діни әдебиеттер де болды. Бір күні мына бір хадиске көзім түсті.

Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір бойдақ жігіт «Қандай адамды жар етіп алғаным дұрыс?» деп сұраған еді. сонда Пайғамбарымыз былай деп жауап берген еді:

«Аллаға деген тақуалығынан кейін мүмин үшін ізгі әйелден артық қазына жоқ. (Ізгі әйел) күйеуінің тілін алады, күйеуі мұндай жарының жүзіне қараса, жаны жадырайды. Күйеуі істе деген шаруаны орындап, істеме дегенге жоламайды. Сондай-ақ, күйеуінің сырын, ар-намысын, абыройын сақтайды. Күйеуі жоқ кезде қиянат етпейді».

Осы жердегі «жүзіне қараса, жаны жадырайды» деген сөзге тоқталғым келіп тұр. Былайша айтқанда, оған қарасаң, жаның тыныштық тауып, қуанады. Қалған критерийлерді (күйеуінің тілін алады, абыройын сақтайды, т.б) үйленбей тұрып тексере алмайсың. Оларды тек үйленген соң ғана көре аласың. Ал үйленуге ниетті қызыңның жүзіне қарау дінде рұқсат.

Бұл жерде «жүзі әдемі болса» деген сөз жоқ. Оған қарау жаныңа қуаныш сыйласа, болды деп тұр. Яғни, қыз жігітке бір күй сыйлай алса, жігіт оны ұнатады деген ой келеді. Кейде сымбатты жігіттің жанында сырт келбеті анау айтқандай әдемі де емес қыздың келе жатқанын көргенде, еріксіз ойлайсың «қай жеріне қызықты екен, неге өзі сияқты әдемі адамды таңдамады екен?» деп. Кейін түсіндім. Жігітке қыздың өзінен гөрі оның оған сыйлайтын күйі (состояние) ұнайды екен. Оның жаны онымен бірге болғаннан, оған қарағаннан жадырайды. Демек, болашақ жарыңды таңдағанда, құрметті інім, ішкі дүниеңе бір үңіл. Бұл қызға қараған кезде жүрегің жай таба ма? Жаның тыныштала ма? Қандай күй, эмоция сыйлайды ол кісі саған? Жай қараған кезде саған қуаныш, жайлылық, тыныштық күйін сыйлайтын қызды таңда.

материал «Не үшін үйлену керек?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: