27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ерлі-зайыптылардың мінездері жараспаса, ажырасуға бола ма?

Ерлі-зайыптылардың мінездері жараспаса, ажырасуға бола ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ажырасу шешім емес. Әсіресе ортада бала болса, ажырасқаннан жаманы жоқ. Кемшіліксіз адам болмайды. Мінсіз, кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады. Мінсіз
жар іздеген адам таба алмайды.

Нағыз ерлік кемшілікті адаммен жақсы мәміледе бола алуда, онымен бірге тыныш тату өмір сүре алуда.

Жұбайлар бір-бірінің жаман жақтарына сабыр етулері керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Әйелінің жаман мінезіне сабыр еткен еркек, Әййуб пайғамбардың сабыры үшін берілгендей сауапқа, ал күйеуінің жаман мінезіне сабыр еткен әйел Асияға берілгендей сауапқа қауышады» (И. Ғазали).

Ұрыс-керістерде кінәні өзімізден іздеуге тырысу керек. Менікі дұрыс дегенмен ештеңе ұтпаймыз. Керісінше жоғалтуымыз мүмкін. Кез келген отбасыда қиыншылықтар, жанжалдар болуы мүмкін. Мінсіз (идеальный) адам табу мүмкін емес. Сондықтан тұрмыс құрған кезде келеңсіз жағдайларға да дайын болу керек және сабыр ете алу керек. Ашу үстінде асығыс шешім қабылдаудан аулақ тұрып, шектен шықпауға мән берген абзал. Көп жағдайда ашу үстінде ажырасқандар көп өтпей-ақ бармағын тістеп өкініп жатады

Ажырасу күнә емес. Бірақ Алла Тағала халал да болса талақты жақсы көрмейді. Пайғамбарымыз былай деген: «Алла Тағаланың мүлдем жақсы көрмейтін халал нәрсесі талақ (ажырасу)» (Хаким). Сабыр ету керек, мәмілеге келіп, ұрыспауға тырысу керек.

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: