27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Сенің анаң тірі болса, анаңнан дұға етуін сұра»

«Сенің анаң тірі болса, анаңнан дұға етуін сұра»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Сүлеймен ибн Айюбтің (оған Алла разы болсын) балалық шағында мынадай қызық оқиға болады.

Бала Сүлеймен он жасында Рей қаласындағы шейхтардың бірінен Құран үйреніп жүреді. Бірде ұстазына «Фатиха» сүресін жатқа тапсырмақ болғанымен, қайта-қайта жаңылысады. Шейх Сүлейменнен «Сенің анаң бар ма?» деп сұрайды. «Иә». «Ендеше, анаңнан саған Құран мен ілім меңгеруді нәсіп етсін деп дұға етуін сұра» дейді. Сүлеймен айтқанындай жасап, анасы дұға етеді.

Уақыт өте, Сүлеймен Бағдад қаласына сапар шегіп, араб тілі мен фиқһты меңгереді, ілімі күшейеді. Біраз жылдар өткен соң туған қаласына оралады. Бір күні мешітте әлдекіммен «Мухтасар әл-Музани» кітабын талқылап отырғанда, мешітке баяғы Құран үйреткен шейхы кіріп келеді. Бірақ ол Сүлейменді танымайды. Шейх Сүлейменнің әлгі кісімен сұқбатын тыңдап отырады, бірақ ештеңе түсінбейді. Кейін шейх таң қалып: «Қалайша, осынша білімді меңгеріп алғансың! Мүмкін емес!» дейді. Сонда Сүлеймен ибн Айюби: «Сенің анаң бар ма? Болса, анаңнан өзіңе дұға етуін сұра» деп айтқысы келеді. Бірақ ұялып, сыр білдірмеген екен...

материал «Әйел және ілім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: