28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Кинодағыдай махаббат бар ма?

Кинодағыдай махаббат бар ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

У.Шекспир: «Біздің өміріміз – қойылым, ал адамдар сондағы - актерлар», - деген.

Десе де, шынайы болмыстан ажырап қалмаңыз.отбасылық өмірді сериал деп сезінбеңіз. Кино қиялдан туған көркем шығарма. Мұны ұмытпаңыз. Жұбайыңызды сол қалпында қабылдаңыз. Экрандағы жұлдыздан жаныңыздағы жұбайыңыз әлдеқайда сұлу. Қиялдағы аруды іздеуді қойыңыз. Жасанды сұлулыққа алданбаңыз. Күйеуінің сын көзбен қарауы әйелге ауыр тиеді. Өзін дебасқа еркекпен салыстырса күйеуі қандай болар еді? Әйелді тек сұлулығына қарап бағалау әбестік. Оның мінезі бар. Табиғаты мен тұлғалық қадір-қасиетін ескермеу үлкен қателік. Әрбір әйел қайталанбайтын дара тұлға. Оны бірегей ететін өзіндік ерекшеліктерін өзгертуге талпынбаңыз. Міне, бұл еркектің шаңырақ көтергендегі ең басты қателігі. Тәрбиелеп аламын деп әйелді түбегейлі өзгертуге талпынады. Алайда әйел қалауына қарай икемдейтін құрастырмалы ойыншық емес. Қарым-қатынасты әу бастан бастап бұзып тастау осыдан шығады. Кейде еркек жігіттік қиялындағы әйелдің нұсқасын жасауға бар күшін сарп етеді. Мұнысы әйелінің көңілін сындырады. Әйел – қуыршақ емес. Әйел қайталанбас ешкімге ұқсамайтын мінезімен сұлу. Оның сұлулығы да даралығында.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: