28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Некедегі ниетіңіз қандай?

Некедегі ниетіңіз қандай?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ниет – әрбір істің мәйегі. Ізгі ниет қарапайым істі құлшылыққа айналдыратын күшке ие.

Арам ниет те бір құмалақ сияқты, тұтастай жақсы істі еш етеді. Сауап ниетке сай еселенеді. Ендеше үйленуде де ниет үлкен маңызға ие. Мұны ұмытпағайсыз. Жігіт пен қыз шаңырақ көтерген кезде ниеті ортақ, негізгі мақсаты мынадай болса игі:

Бірінші: Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетін жандандыру. Хадисте: «Жастар қауымы! Үйленуге мұршаларың келсе, үйленіңдер. Өйткені бұл көзді сақтап, ар-намысты қорғайды. Ал кімнің шамасы келмесе ораза тұтсын», - делінген.

Екінші: ар-намыс тазалығын сақтау. Мұндай ниет Алла Тағала тарапынан көмек пен қолдауға берілуіне септігі тиеді. Хадисте: «Үш адамға Алла жәрдем етеді... ар-намыс пәктігін сақтауға ниет еткен үйленушіге», - делінген.

Үшінші: Құран жолымен жүретін мұсылман отбасын құру.

Төртінші: Ізгі ұрпақ тәрбиелеу.

Бесінші: Отбасын асырау үшін еңбек етуді – құлшылық деп білу. Хадисте: «Ер кісі отбасына қаражат жұмсап, одан сауап үміт етсе, бұл оның берген садақасы», - делінген.

Алтыншы: Құлшылықта бір-біріне жәрдемші болу. Хадисте: «Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және әйелін оятқан, егер де, ол тұрмаса бетіне су сепкен адамға Алла рақым етсін! Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және күйеуін оятқан, егер де, ол тұрмаса бетіне су сепкен адамға Алла рақым етсін!» деген. (Әбу Дәуіт)

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: